Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы және Астана әуежайларында рейстер кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы және Астана әуежайларында ауа райының қолайсыздығынан рейстер кешігіп жатыр.

Алматы және Астана әуежайларында рейстер кешігіп жатыр

Бұл туралы қос әуежайдың онлайн-таблосында көрсетілген.

Астана әуежайында Алматыға аттануы тиіс ұшақ ұшпайтын болды. Ал, Алматыға Астанадан жетуі тиіс 3 рейс те шықпайды.

Елордадан жетуі тиіс 2 рейс, Гонконгтан жетуі тиіс 2 рейс бөгеліп жатыр.

Ұшақтардың кестесі 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін өзгерді.