Алматы: Жұмысшы ағаш бұталарын кесу барысында автокөтергіштен құлап кетіп, опат болды

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алмалы ауданында қайғылы оқиға орын алды.

Алматы: Жұмысшы ағаш бұталарын кесу барысында автокөтергіштен құлап кетіп, опат болды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2 шілде күні Желтоқсан мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында ағаш бұталарын кесу барысында 38 жастағы ер адам автокөтергіштен құлап кетіп, оқиға орнында жан тапсырды.