Алматы зообағы қызметкерін жылан шаққаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін біраз БАҚ беттерінде Алматы зообағындағы кобра қызметкерді шағып алып, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деген ақпарат тараған болатын. Осы мәселені анықтау үшін зообақтың баспасөз қызметіне хабарластық.
None
None

Ондағы баспасөз қызметінің маманы Михаил Сорокоумов ондай жағдайдың болмағандығын жеткізді. «Барлық улы жануарлар қатаң бақылауда ұсталады. Сондықтан мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Шын мәнінде, қызметкер өзін жұмыста нашар сезінген. Ол ауруханаға жеткізілді. Бірақ жылан шаққаннан емес, қан қысымы көтерілгендіктен. Бәлкім сапасыз тамақтан улануы да мүмкін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар