Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда 10 күн бұрын жоғалып кеткен зейнеткерге іздеу жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 64 жастағы зейнеткер Болат Ыбыраев із-түзсіз жоғалды. Оның ұлы Марат Ыбыраевтың айтуынша, әкесі 11 шілде күні Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшелері қиылысында орналасқан үйінен шығып кеткен. Қай бағытқа және қандай мақсатпен шыққаны белгісіз. Содан бері үйге оралмаған. Қазір оны туыған-туыстары іздестіріп жатыр.

Алматыда 10 күн бұрын жоғалып кеткен зейнеткерге іздеу жарияланды

«Әкем - өте жүдеу кісі, таяуда оған ота жасалған еді. Әкем асқазан обырына ұшыраған болатын. Жоғалған күні әкемнің үстінде ақшыл көк түсті көйлегі және көк трико болған. Аяғына қара туфли киген. Өзімен бірге торлы сөмке ала кеткен», - деді М. Ыбыраев.

Болат Ыбыраевтың туған-туыстары Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасына жүгінген. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері Болат Ыбыраевты іздестіруде. Алайда, әзірге нәтиже жоқ.