Алматыда 10 миллионыншы жолаушыға метрода жылдық тегін жол жүру сертификаты тапсырылды

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы метрополитенінің басшылығы 10 миллионыншы жолаушыға метрода жылдық тегін жол жүру сертификатын тапсырды. Оңтүстік астана тұрғыны Майгүл Әбдіәкімова осындай жүлденің иесі болды. Сонымен қатар, оған плазмалы теледидар сыйлады.
None
None

«Біз ұлымызбен метроға «Райымбек батыр» стансасында отырдық, жетон сатып алғаннан кейін бізге осындай жаңалықты хабарлады. Мен осындай жағдай - 10 миллионыншы жолаушы болу дәл менің басымда болады деп ойламағанмын», - деді М.Әбдіәкімова.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те әйелді құттықтап, қала тұрғындарын метрополитенді жиірек қолдануға шақырды.

Оның сөзіне қарағанда, егер жолаушылар санын өткен жылмен салыстырғанда - ол уақытта барлығы 470 мың жолаушы тасымалғанған болатын, осы жылы өткен жылғы орта есепке қарағанда, метро ай сайын 60 мың жолаушыға артық тасымалдайды.

«Өсу қарқыны айқын көрінуде, яғни, алматылықтар қоғамдық көліктің осы түріне үйрене бастады. Бұл автокөліктің экологиялық және өте ыңғайлы түрі, ол сағат сияқты жұмыс істейді», - деп мәлімдеді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум