Алматыда «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Алатау ауданында қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен жаңа мектептің ашылу рәсімі өтті. Қазақ тілінде білім беретін жаңа № 152 мектеп «Ұлжан» шағын ауданында «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мектеп 1200 оқушыға арналған. Құрылысына 1 миллиард 483 миллион теңге жұмсалған жаңа нысан 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. Жалпы аумағы 17 866,1 шаршы метрлік мектеп 2 спорт залы, 1 жаттығу залы, бассейн, 256 орындық мәжіліс залы, 100 және 140 орындық 2 асханамен жабдықталған. Сондай-ақ мұндағы 54 кабинеттің 37-сі интерактивті тақталармен жабдықталған. Ал 2 мультимедиалық, 2 компьютерлік сынып 87 компьютермен жарақтандырылған. «Бұл мектеп соңғы айда қала аумағында ашылған 3-ші мектеп. Алматы ? күннен-күнге ұлғайып келе жатқан ең ірі мегаполис. Сондықтан оқушылар, әсіресе қазақ тілді оқушылар саны да артып отыр. Мәселен, 15 жыл бұрын 10-ақ қазақ тілді мектеп пен 13 мың ғана қазақ тілінде білім алуға жұмылған оқушы болса, бүгінде 43 қазақ тілінде білім беретін мектеп пен 65 мың оқушы бар. Қалада мектеп саны арта түсетін болады. Бүгін жаңа құрылған Алатау ауданында 2 бірдей тәрбие орны ? балабақша мен мектеп ашылып отыр. Бұл жаңа ауданның өмір деңгейін қаланың басқа аудандарындағы өмір деңгейіне жеткізуіміз керек. Осы бағытта бұл ауданда 2011 жылға дейін бірқатар мектеп, балбақшалар бой көтереді», ? деді қала әкімі.Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоровтың айтуынша, бүгінде аудан аумағында 14 орта мектеп пен физика математикалық лицей, дарынды балаларға арналған Республикалық спорт мектебі жұмыс істейді. Бұл білім ошақтары 10444 оқушыға арналған, бірақ оқушы санының артықтығына орай , оларда 18700 оқушы білім алуда екен.
Соңғы жаңалықтар