Алматыда 100-ші велотұрақ орнатылды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Бүкіләлемдік автокөліксіз бір күн» шарасы аясында 100-ші велотұрақ орнатылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне Қазақстан велоқоғамдастығының жетекшісі Думан Қапасов мәлімдеді.
«Велотұрақ Т. Рысқұлбеков көшесі бойындағы Алматы транспорт холдингі ғимаратының алдына орнатылды. Қазір қаланың экологиясы мен көлік кептелісі - өзекті мәселелердің бірі. Сондықтын, оларды шешу жолында біз Алматыда велоқозғалыстарды дамытып жатырмыз» - деді ол. Велотұрақтарды орнатуды шарасын Қазақстан Велоқоғамдастығы ұйымдастырған. Бүгін автокөлік жүргізушілеріне бір күн қоғамдық көлікпен, велосипедпен және жаяу жүру ұсынылады. Сонымен қатар, қаланың қоғамдық көліктерінде бүгін жол ақысы 50 пайызға төмендеді.