Алматыда 127 адам жаңа пәтерге ие болды

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат  /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының қатысушыларына пәтер кілттерін тапсырды, 
None
None

          деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында 95 адам ипотекалық бағдарлама бойынша, 33 адам коммуналдық пәтерге ие болды.Жаңа пәтерлер қаладағы «Көкжиек» ықшам ауданында орналасқан.Бүгін бұнда барлығы 1067 пәтер пайдалануға берілді.

         «Көкжиек» ықшам ауданының құрылысы 2008 жылы басталған болатын.Бұл жерде 2232 пәтерлік 62 үй салу көзделген.Сондай-ақ 26 тұрғындарғы қызмет көрсету орындары салынбақ.Алдағы уақытта ықшам ауданға жүретін автобус бағыттары  іске қосылмақ.Құрылысты «АГС-Пласт»,  «Астана Кұрылыс»,  «Ника», «Комжабдыққұрлысы» компаниялары жүргізуде.

Шара барысында Алматы әкімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты телеконференция арқылы жаңа аудан құрылысымен таныстырды.Қала әкімі жаңа ауданның дами беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар