01:02, 04 Маусым 2017 | GMT +5
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат- ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 3 маусымда сағат 23:57-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Зілзаланың ошағы Алматының солтүстік батысына қарай 10 шақырым жерде Алматы қаласының аумағында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты 6.3»,-деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тербелісі - 3.9 MPV. Жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді.