Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда 2 жасар қыздың анасынан да коронавирус табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда таяуда коронавирус жұқтырып, ем алып жатқан 2 жасар қыздың анасынан да вирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 2 жасар қыздың анасынан да коронавирус табылды

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаевтың хабарлауынша, коронавирус жұқтырған екі баланың жағдайы қазір бірқалыпты.

«Дене қызуы жоқ. Ауру белгілері (симптомдары) байқалмайды. 2 жастағы қыз анасымен бірге жатыр. Анасынан да коронавирус жұқпасы табылды. Олар қаладағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты. Жалпы Алматыда тіркелген 17 науқастың да жағдайы қанағаттанарлық», - деді ол.