Алматыда 200 көшенің шамдары ауыстырылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерін жарықтандыру аясында қаланың көрікті жерлері мен көшелері жаңа жарықтандыру жүйесімен қамтыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жаңа диодты шамдар Алматының 200 көшесінде орнатылып жатыр. Жаңа шамдар  энергияны үнемдейді, залалды заттар жоқ.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында келер жылдан бастап 1 375 шақырым сыртқы жарық желісі немесе 45 мың шам мен 42 мың бағана жаңарту жоспарланған. Қазірдің өзінде газ толтырылған жарық көздері жаңа диодты шамдарға ауыстырылуда, қаланың барлық аудандарында 200-ден астам көшеге сыртқы жарықтың жаңа желісі тартылады. 

Абай, Абылай хан және Назарбаев даңғылдарында диодты шамдары бар 700-ден астам бағана ауыстырылды.

Айта кетерлігі, жарық көздері қаланың орталығында ғана емес, екінші деңгейлі көшелерінде де қолға алынған. Мысалы, Алатау ауданының - 33, Әуезов ауданының - 64, Түрксіб ауданының -39, Бостандық ауданының - 12, Наурызбай ауданының - 8, Жетісу және Медеу аудандарының әрқайсысының 32 көшенің жарық желілері жаңарды. Қайта жаңарған 1 400 аулаға да жаңа жарық көздері орнатылды. Келер жылы тағы 600 аула жарықтандырылады және абаттандырылады.null 

Мегаполистің көрікті жерлерінің 130-дан астам ғимараты, атап айтсақ, Республика Сарайы, Тәуелсіздік Монументі, Даңқ Мемориалы, Көктөбе телемұнарасы, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Әуезов және Лермонтов театрлары, Қастеев музейі, Ықылас атындағы халық аспаптары мұражайы, Орталық мешіт, Свято-Вознесенск кафедралды соборы, «Қазақстан» қонақ үйі жаңаша түске боялды. Барлық жобалар бюджеттен тыс қаржы есебінен жүзеге асуда. Сонымен қатар, түнгі нұрландыру арқасында Қазақстан-Неміс университетінің нысаны ерекше көрінетін болды.

Диспетчерлік қызметтің жұмысын жандандыру, басқару жүйелерінде сөніп қалуды болдырмау әрі бір команда бойынша қалада жарықты бір мезгілде беріп, өшіретін бағдарлама жасалды.

Соңғы жаңалықтар