Алматыда 200 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 3 287 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«10 ақпан күні 3 287 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 10 ақпаны аралығында қалада 1 079 110 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 043 220 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 300 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 47 962 адам салдырды. Оның ішінде 2 476 жүкті әйел, 10 591 бала емізетін ана және 34 895 жасөспірім бар.
Ревакцинациядан 200 148 алматылық өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.