Алматыда 2009 жылдың үздік спортшылары анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олар: осыдан 11 жыл бұрын алғаш рет Әлем чемпионы атанған, нысана көздеуден еліміздің ардагер спортшысы Наталья Гурова; Қазақстанның ең үздік атлеті болып танылған самбошы Дәурен Жайнақов; әйелдер күресінде жақсы табыстарға жеткен, Азия чемпионатында бірінші орынды жеңіп алған балуан Татьяна Бокатюк; сондай-ақ өткен жылы екі медальді қанжығасына байлаған, жас жүзгіш Артур Дильман; 198 сантиметр биіктікті бағындырған жеңіл атлет Екатерина Евсеева мен Сингапурда өткен жасөспірімдер ойынының жеңімпазы, үш дүркін секірудің шебері Константин Кудряшов; екі рет ғаламшардың ең үздік конькиді мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына кірген Денис Тен; өткен жылы су астында жүзуден Әлем және Еуропа чемпионы Елена Папина; Қазақстан чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогының 3-ші орын иегері, боксшы Айдар Шәрібаев және ҚР абсолютті чемпионы, Әлем кубогының жүлдегері, дзюдошы Зарина Әбдірәсілова.