Алматыда 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық семинар өтеді

sp; АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда наурыз айының 29-31 күндері аралығында 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған халықаралық семинар өтеді. Оған 45 Азия мемлекетінің ұлттық олимпиадалық комитеттерінің 100-ден аса өкілі, Азия олимпиада кеңесінің және басқа да спорт саласының басшылары қатысады. Бұл жайында бүгін өткен баспасөз мәслихатында 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясының вице-президенті Серік Құлмырзаев мәлім етті,

Алматыда 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арналған  халықаралық  семинар өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

С.Құлмырзаевтың айтуынша, жиын барысында ұйымдастыру комитетінің жұмыстары, қаланың, ойын нысандарының ойынға дайындықтары қаралып, сырттан келген өкілдердің ой-пікірлері тыңдалмақ. «Келген қонақтар Алматыдағы Шымбұлақ, Медеу және Талғар ауданындағы Солдат сайда салынған спорт кешендерін аралайтын болады. Жаңадан салынып жатқан спорт нысандарының құрылысы осы жылдың қазан-қараша айларында бітеді деген мәлімет бар», дейді вице-президент.

Сондай-ақ ол 30-шы наурыз күні кешкі сағат 6-да Астана мен Алматы қалаларында кері есептеу таблосының ашылу рәсімі өтетіндігін жеткізді. Алматыдағы таблоның ашылу салтанаты Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының жанында өтеді.