Алматыда 2012 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі өтеді

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - 12 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігі күніне орай 2012 жылы жарыққа шыққан кітаптарды насихаттау мақсатында ашық есік күні өткізіледі.
None
None

Оның аясында «Қазақстан Тәуелсіздігі жылнамасындағы кітаптың рөлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде биылғы жылы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша жарыққа шыққан қазақстандық кітаптар және Алматы қаласының жетекші баспаларының кітаптары қойылады.

Көрменің негізгі мақсаты - жаңа кітаптарды халыққа таныстыру және автор, оқырман және баспагерлер арасында қарым-қатынасты орнатуға серпін беру болып табылады.

Көрме жұмысы барысында Нұрмахан Оразбек, Ұлықбек Есдәулет, Оразбек Сәрсенбай, Исраил Сапарбай және т.б. белгілі ақын-жазушылардың оқырмандармен кездесулері, сонымен қатар Алматы қаласы мектептерінің оқушыларымен аталмыш ақын-жазушылардың шығармаларының оқулары өтеді.

Ашық есік күні аясында, Қазақстан жазушылар одағы, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы және Қазақстанның баспагерлер мен кітаптаратушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен кітап шығару, баспа ісінде стандарттарды дұрыс пайдалану мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырады. Дөңгелек үстелде кітап нарығын дамыту мен қолдау, оқу мен жалпы мәдени білімнің төмен деңгейін көтеру сияқты өзекті мәселелер қаралады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы кітапханаларға кітаптарды тегін беру қайырымдылық акциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар