Алматыда 2015 жылдың бюджеті нақтыланды

Мегаполисте барлық көрсеткіштер бойынша өсу динамикасы тұрақты сақталып келеді. Әкім атап өткендей, Алматының 2015-2017 жылдарға қабылдаған Дағдарысқа қарсы жоспарын жүзеге асыруда оң нәтижелерге қол жетуде. Ал бұл 4 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша резервтерін іздестіруге мүмкіндік берді.
«Жедел мәліметтер бойынша 2014 жылы өңірлер экономикасының негізгі даму индикаторы - ЖӨӨ 8 трлн. теңгеден асты, өсім қарыны 107,1% құрады. ЖІӨ-де Алматының үлесі бұрынғыдай республика бойынша ең жоғары - 20,7% жетіп отыр. Үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде еліміз бойынша салық жинауда қаланың үлес салмағы рекордтық көрсеткішке, яғни 33% жетті», - деді Ахметжан Есімов.
Негізгі капиталға деген инвестиция көлемі де өскен - 106,1%. Өндіріс көлемі 102,4%-ға өсті. Шағын және орта бизнес суъбектілірінің саны да артқан. Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 12,7%-ға көбейді. Дағдарысқа қарсы шаралар мен резервтер көздерін іздестіру нәтижесінде 26 млрд. 785 млн. 603 мың теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Ол мегаполистің әлеуетті бағыттары - денсаулық сақтау мен білім беру салаларының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, Шаңырак-5, Ақбұлақ, Алғабас ықшам аудандарындағы электр желілерін қайта жасауға, Наурызбай ауданында әлеуметтік және әкімшілік нысандарды салуға, Ян Гейлдің жобасы бойынша қаланың 8 ауданының аумағын жасылдандыруға және басқа да жобаларға жұмсалатын болады.
Осылайша, Алматының қалалық Мәслихаты қала бюджетін 470 млрд. 844 млн. 679,4 мың теңге көлемінде бекітті. Жалпы, қаланың нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 387 млрд. 188 млн. 279,4 мың теңге болып белгіленді.