Алматыда 23 жастағы жігіт мешітке келген жамағатты тонаумен айналысқан

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас жігіт мешіт жамағатын тонап жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл табыс тізбегін 23 жастағы А. есімді азамат ойлап тапқан.

Ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған.

– Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған, – дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Полиция қызметкерлері бұдан да көп эпизодтар болуы мүмкін екеніне сенімді.

Сондықтан тәртіп сақшылары осы адамның әрекетінен зардап шеккендердің бәрін мына телефон нөміріне хабарласуға шақырады: 254-48-72.




Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram