Алматыда 350 мың түп ағаш отырғызылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда биыл 350 мың түп ағаш отырғызылады. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар Jasyl Almaty-ның 1 миллион ағаш отырғызу акциясын аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаевтың айтуынша, бүгінде мегаполисте 705 мың ағаш көшеті отырғызылды.

«Биыл бізде 350 мың жасыл желек отырғызу жоспары бар, оның ішінде 72 346 көшет отырғызылды. Жалпы, осы екпелер есебінен 1 миллион ағаш отырғызу арқылы Jasyl Almaty акциясын аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Серік Әділбаев.

Спикер Алматының жасыл экономика басқармасының алдында қалалық экожүйені біріктіретін және биоәртүрлілікті қолдайтын қаланың «жасыл желісін» құру бойынша маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Сондықтан ағаш отырғызу 2022 жылдың күзінде жалғасады. Ол кезде 277 654 жас көшет отырғызу жоспарда. Сонымен қатар, ол магистралды жолдар, жолайрықтар, теміржолдар бойында, көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің аумақтарында, өзен жағалауларында, саябақ және санитарлық-қорғау аймақтарында ағаш отырғызылатынын жетізді.

«Ағаш отырғызу кезінде дендролог ғалымдардың ұсынымдары ескерілді, олар кәдімгі қарағай, қазақстандық терек, ұсақ жапырақты қарағай, қайың, шаған, жалған акация, сүйір жапырақты үйеңкі, каштан, робиния, жалған акация, көпіршік, долана, алма, өрік отырғызуды ұсынады», - деп атап өтті спикер.

Алматы тұрғындарына көшеттерді тегін тарату бойынша «Жасыл аула» акциясы да жалғасады. «Күзде мегаполис тұрғындарына 2 мыңға жуық көшет таратуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біржылдық және көпжылдық гүлзарларды отырғызу 2023 жылға дейін жалғасады. Жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге мердігерлік ұйымдармен 10 шарт жасалды. Гүл отырғызу сәуір айында басталды, өйткені бұл кезең ең қолайлы. Сәндік-гүлмен көгалдандырудың жалпы көлемі шамамен 159 мың шаршы метр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар