Алматыда 5 мектеп оқушы саны бойынша қаржыландыруға көшті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл жылдың басынан бастап 5 мектепте жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі пилоттық режимде енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласында пилоттық 5 мектеп таңдап алынды. Медеу ауданындағы №48 мектеп лицейі, №77 жалпы білім беретін мектеп, №98  жалпы білім беретін мектеп, Әуезов ауданындағы №117 жалпы білім беретін мектеп, Алмалы ауданындағы № 120 гимназияда енді қаржыландыру оқушы санына қарай берілетін болды», - деді қалалық Білім беру басқармасынан.

ҚР Қаржы министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда жылына 1 оқушыға 206,6 мың теңге бөлініп отыр.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бұл қаражаттың көлемі артып,  20 жылға амортизациялық шығын мен мұғалімді ынталандыру қаржысы қосылатынын айтты.

Сондықтан, болашақта 1 балаға бөлінетін қаржы орта есеппен 300 мың теңгеге жетуі мүмкін.

Оның айтуынша, мектептерді жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіруге бюджеттен 153,9 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 4,8 млрд теңге 2018 жылы бөлінеді.

Ал жалпы білім беру және ғылым саласын дамытуға 1 108,9 млрд теңге қарастырылған.

Жаңа жүйе бойынша бөлінетін қаражат көлемі оқушылардың санына байланысты болады. Бұл өз кезегінде білім беру орындарының арасында өзара бәсекені арттырады.

Алдағы үшжылдықта жан басына шаққандағы қаржыландыруға кезең-кезеңімен елдегі барлық мектептер көшеді.

2018 қыркүйегінен бастап Астананың 85 мектебі қатысады. 2019 жылдың қаңтарынан Алматы қаласының 239 мектебі көшеді. 2020 жылдан бұл жүйеге елдегі 3 981 мектептің барлығы көшеді.

Соңғы жаңалықтар