Алматыда 5-ші халықаралық PR форум өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда 5-ші рет дәстүрлі халықаралық PR форум ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биылғы форум «Дағдарыста туғандар. PR baby Boom? деген атпен өтуде. Форумда негізгі тақырып ретінде дағдарыс кезіндегі жарқын идеялардың тууы және жұртшылықпен байланыс саласының дағдарыс уақытындағы жұмысы қарастырылуда. Форумды «PR-шы клубы» Қазақстандық жұртшылықпен байланыс мамандарының бейресми бірлестігі мен PG Communications агенттігі ұйымдастырған. 5 жыл қатарынан өтіп жатқан форум қазақстандық PR индустриясының ең маңызды оқиғасы болып саналады. Осыған дейін өткен 4 форумға 700-ден астам өкілдер мен 70-тен аса спикерлер қатысқан. Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Мысыр, Польша сынды елдердегі түрлі компаниялардың басшылары, баспасөз хатшылары, маркетологтар мен журналистер бар. «Бұл форумның міндеті ұжымдық интеллектке ой туғызу. Қазіргі дағдарыс әсерімен қоғамдық сана өзгерді, бұнымен компаниялардың, түрлі ұйымдардың қызмет бағыттары, мемлекеттік басқару мен имидж мәселелері да өзгеруде. Сондықтан биылғы форум өте өзекті», дейді PR-шы клубының президенті Лариса Пак. Форум «Әлемдік дағдарыс жағдайындағы ел беделін басқару: сабақтар мен перспективалар», «Дағдарыс жағдайындағы PR шешімдер: тәжірибелік кейстер мен қазақстандық және батыстық PR мамандарының ақыл-кеңестері», «Дағдарыстан кейінгі PR индустрия: нені күтіп, неге дайындалу керек» тақырыптары бойынша 3 бөлімде өтуде. Қазақстандық PR мамандарының 2011 жылы елімізде өтетін Қысқы Азия ойындарының дайындық кезеңіндегі жұмыстарға қатысуы төңірегіндегі ойлар да айтылады. Форумға Ресей, Болгария, Ұлыбритания мен Қазақстанның 150-ден астам жұртшылықпен байланыс мамандары қатысуда. Сондай-ақ «Әлемдік дағдарыс жағдайындағы ел беделін басқару: сабақтар мен перспективалар атты талқылауға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов қатысып, ресейлік және қазақстандық журналистердің сұрақтарына интернет-конференция арқылы жауап берді.Айта кетерлігі, форум мамырдың 15-і күні басталған «Қазақстандағы PR күндері? аясында өтуде. Форум жұмысы ертең аяқталады.
Соңғы жаңалықтар