Алматыда 60 кәсіподақ ұйымы құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен жылдан бері 3 салалық филиалы және 60 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аталмыш үкіметтік емес ұйымдарға 11 мыңға жуық қызметкер мүше болды.

Жалпы алғанда, Алматыдағы кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны шамамен 200 мың адамды қамтиды.

Алматы кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің мәліметінде көрсетілгендей, кәсіпорындарда орналасқан бастауыш ұйымдарды құру өте маңызды, себебі олар тікелей проблемалық мәселелерді, қызметкерлердің мәселелерін шешеді.

«Кәсіподаққа кіргенде, жұмысшы ең алдымен барлық әлеуметтік және экономикалық жеңілдіктерді алады. Бұл: тегін заң көмегін, кепілдіктер мен өтемақыларды, қызметкерлердің біліктілігін көтеруге және жоғары жалақымен сәйкес жұмыс орнын алуға көмектеседі. Бұдан басқа, жұмыстан босату және басқа да әділетсіз іс-әрекеттер жағдайында кәсіподақ қызметкерін қорғау, қиын өмір жағдайлары жағдайында материалдық көмек көрсету, шипажайлық-курорттық емдеуге жеңілдікті жолдамаларды алуға көмек көрсету көзделген», - деді кәсіподақтар аймақтық бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаева.

Баяндамашының айтуынша, егер қызметкер кәсіподақ мүшесі болып табылмаса, ол жұмыс берушімен бетпе-бет қалып, автоматты түрде кәсіподақтың заңды көмегінен айырылады.

«Кәсіподақ ұйымымен ынтымақтаса отырып, жұмыс беруші заңға сәйкес қалыптасқан және толық жауапкершілікке ие әлеуметтік серіктес екендігін түсінеді. Осылайша, қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі жаққа да оң нәтижелер береді », - деп қорытындылады Өмірбаева.

Соңғы жаңалықтар