15:40, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматыда 7-11 сынып оқушылары арасында ән байқауы өтуде
АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Қалалық Білім басқармасының шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Алматыда оқушылардың «Аяулы ана» ән байқауы өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конкурс ҚР 2005-1010 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Шығармашылық орталықтың жұмыс жоспарына және Алматы қаласы білім басқармасының наурыздың 8-і ? Халықаралық әйелдер күнін өткізуге арналған іс-шараларға сәйкес ұйымдастырылды. «Аяулы ана» әндер байқауы екі кезең бойынша өтеді. Ақпанның 23-і күні болған бірінші кезеңге Алматы мектептерінен 48 оқушы қатысты. Бұл іріктеу туры болатын. Ал бүгін сағат 15:00-де Оқушылар сарайының Үлкен концерт залында іріктеу сынынан сүрінбей өткен 20 өнерпаз өзара бақ таластырады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады