Алматыда әдеби-музыкалық кеш өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда шілде айының 1-і күні Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдында Баспасөз күні және Астана күні мерекесіне орай, "Туған ел - тұғырың, туған тіл - қыдырың" атты әдеби-музыкалық кеш өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту басқарамасының ұйымдастырумен өтетін шараға ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық жастар ұйымдарының жетекшілері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сонымен қатар студенттер мен оқушылар қатысады.

"Бұл шара - мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау, талантты жастарды қолдау, патриоттық сезімге тәрбиелеу және жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға мақсатталып, қазақстандықтардың рухани бірлігін нығайтуға бағытталып отыр", деді Алматы қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту басқарамасының бастығы Мамай Ахетов.

Шара бағдарламасында "Ана тілім", "Туған жерім", "Қазақстан", "Елордасы - Астана" деген тақырыптарда өлеңдер оқылып, ән шырқалатын болады.

Әдеби-музыкалық кештің барлық қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар