Алматыда «Алаш елі: кеше, бүгін және ертең» атты ғылыми-қоғамдық конференция болады

АЛМАТЫ. 8 қазан. ҚазАқпарат  - Алматыда ертең, 9 қазанда «Алаш елі: кеше, бүгін және ертең» атты тақырыпта ғылыми-қоғамдық конференция болады.
None
None

Бұл шара  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылып отыр.  Оған қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының  студенттері мен оқытушылары, отандық ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады.

"Конференцияның басты мақсаты - қоғамдық зайырлы әлеуетті қалыптастырудағы тарихи дамудың маңыздылығын анықтау және оның басымдықтарын көрсету болып табылады. Онда еліміздің өткені, бүгіні және келешегі  талданып, Ұлы тәуелсіздік құндылығына тұшымды дәлел-дәйек пен сындарлы көзқарастар айтылмақ", - дейді "Жастар үні" қоғамдық бірлестігінің атқарушыдиректоры   Мақсат Жақау.                                                                  

Соңғы жаңалықтар