Алматыда әлемнің 9 елінде үлкен табыспен өткізіліп келген «Екі жұлдыз» байқауы өтеді

АЛМАТЫ.  Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыда қыркүйектің 6-сы күні «Ретро Шлягер» клубында «Екі жұлдыз» жобасы басталады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жоба әлемнің 9 елінде үлкен табыспен өткізіліп келеді. Ресейде «Две звезды» атымен белгілі. Жоба сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қыркүйектің 19-ы мен желтоқсан айының 26-сы аралығында «Zodiac» швед компаниясының лицензиясымен көрсетілмек.

Жобаның негізгі қатысушылары - саясаткерлер, әртістер, спорт, өнер, эстраданың танымал жұлдыздары.Атап айтқанда, Дильназ Ахмадиева, Мұрат Мұтұрғанов, Ғани Қасымов, Қайрат Түнтеков, Қыдырәлі Болманов, Венера және Линда Ниғматуллиналар, Илья Ильин, Талғат Мұсабаев  қатысады. Әділқазылар алқасында да белгілі, танымал, отандық және шетелдік музыка, өнер шеберлері бар.

Биылғы жобаны түсіру алаңы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет еуропалық стандартқа сай жасалуда.

Соңғы жаңалықтар