Алматыда әлеуметтік маңызды жобалардың көрмесі өтті

/strong>Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғам және билік: әлеуметтік әріптестіктің стратегиясы» атты әлеуметтік маңызды жобалардың көрмесі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы әлеуметтік маңызды жобаларды орындау мақсатында қызмет көрсетуді сатып алу бойынша жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар үшін ашық конкурстар өткізуде.

Еуразияның ірі мәдени-ғылыми және қоғамдық-саяси орталығы ретінде Алматы қаласы өмірінің барлық саласы жоба тақырыптарында қамтылған.

Шара барысында дөңгелек үстелдер мен қоғам дамуындағы өзекті мәселелерді талқылау семинарлары мен қатар нақты бірқатар жобалар жүзеге асырылғандығы айтылды. Мысалы, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және ауған соғысы ардагерлері үшін жұмыспен қамту қызметін құру, Азиада-2011 қарсаңында Алматы қаласын таныстыратын бейнероликтер мен Жеңістің 65-жылдығына арналған естелік галерея кітабы шығарылған. Сонымен қатар қаланың бой көтерген күнінен бастап бүгінгі уақытқа дейінгі басшылары жайында деректі фильм түсірілген.

Сондай-ақ көрме аясында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету шеңберінде үкіметтік емес секторға әлеуметтік қызмет көрсетудің халықаралық стандарттары таныстырылып, ҮЕҰ-дың мемлекеттік -әлеуметтік тапсырыста тиімді қатысуы бойынша шеберлік дәрісі өткізілді.

Сонымен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары да ҮЕҰ-мен біріге отырып атқарған жұмыстарын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар