15:01, 06 Қазан 2012 | GMT +5
Алматыда алғаш рет «Қазақстанның үздік мұғалімдерінің балы» форумы өтті
АЛМАТЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен елдің үздік педагогтарына арналған алғашқы «Қазақстанның үздік мұғалімдерінің балы» республикалық форумы ұйымдастырылды.

Балды ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ашты. Елдің бас педагогы әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларға табыстар, мәртебелі әрі қажетті кәсіптерінде игі бастамалар тіледі.
Салтанатты шара аясында Қазақстанның үздік педагогтары грамоталармен және медальдармен, естелік мүсіншелермен және 1 618 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.
Байқауға барлығы 4 мыңнан астам педагог қатысты. Республикалық комиссияның шешімі бойынша олардың 48-і ғана жоғары атаққа және ақшалай сыйақыға лайықты болды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, Қазақстанның үздік мұғалімдерін зайырлы бал форматында, классикалық өлең әуендерімен марапаттау бастамасын Мұғалімдер күнін мерекелеу алдындағы жыл сайынғы әдемі дәстүрге айналдыру жоспарлануда.