Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимаратында өрт шықты. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова мәлім етті.

Алматыда «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өрт шықты

«Бүгін 4 маусым күні 16 сағат 08 минутта Алматы қалалық ТЖД «101» кезекші бөліміне Бостандық ауданы, Жароков көшесі 196 мекенжайында орналасқан «Алматы Су Холдингі» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 3 қабатты ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.  Алғашқы өрт сөндірушілер тобы оқиға орнына 3 минуттан кейін келіп жетті», - деді С. Баймұханбетова. 

Оқиға орнында 3 қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы есепші отыратын кабинетте кеңселік жиhаздар мен басқа да керек-жарақтардың жанып жатқаны анықталды.    

«Өрттің аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер дер кезінде шара қолданып, өрттің басқа кабинеттерге өтіп кетуіне жол бермеді. Осылайша, ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде - 16 сағат 32 минутта ауыздықталып, 16 сағат 42 минутта жойылды. Өрт сөндіру барысында 5 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді С. Баймұханбетова. 

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.