Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бүгін, 4 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан мен Қытай спорт клубтарының ұйымдастыруымен халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирі өтеді.
None
None

Турнир аясында барлығы 9 жекпе-жек өткізіледі. Онда «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының сайыпқырандары Бразилия, АҚШ, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен келген спортшылармен сайысады.

Екі негізгі жекпе-жек 47 келі салмақ дәрежесінде Қазыбек Әшімов пен оңтүстіккореялық Чок Вон Сок арасында және 70 келі салмақ дәрежесінде Бейбіт Назаров пен бразилиялық Бруно Робиньоның арасында өтеді. Мұнда Бейбіт Назаров пен Бруно Робиньо арасындағы жекпе-жекте қытайлық KUNLUN FIGHT федерациясының нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Ал турнирдің супер жекпе-жегі 66 келі салмақ дәрежесінде Асқар Үмбетов пен Кайл Розевский (АҚШ) арасында өтеді.

Айта кетелік, бұл турнирге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, қазақ спортының жарық жұлдыздары - Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов және басқа да белгілі тұлғалар қатысады.

Турнир Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар