Алматыда асфальтқа сурет салу бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» атты байқау өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздері күні құрметіне асфальтқа сурет салу бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» атты байқау ұйымдастырылды.

Алматы қалалық ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өткен шараға 5 жастан 12 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар асфальт бетіне отбасына,  Қазақстанға, Алматыға, Астанаға қатысты әр түрлі суреттер салды.  

Мысалы, 4 жастағы Алина табиғатты, үйді, құстар мен ағаштардың бейнесін салса, 7 жастағы Назгүл Астана қаласының көрікті жерлерін бейнеледі.

Байқау комиссия әр түрлі жас категориясы бойынша жеңімпаздарды анықтады. Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс майоры Бағдат Шайзада балаларға алғысын білдіріп, дендері сау болып, отанын шын сүйетін патриот азамат болып өсулеріне тілектестік білдірді.

Байқауға қатысушы балалардың барлығына естелік сыйлықтар және тәттілер табысталды.  

null null null  

Соңғы жаңалықтар
telegram