14:34, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Алматыда астана күніне арналған мерекелік концерт өтеді
АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының «Астана» алаңында қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен Астана күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Кешкі 20.00-де басталатын концертте Мақпал Исабекова, Иван Бреусов, «101» тобы және тағы басқа өнер жұлдыздары өнер көрсетеді. Кештің басты қонағы ретінде Ресей эстрадасының жұлдызы, «Евровидение-2008» музыкалық конкурсының жеңімпазы Дима Билан қатысады.