Алматыда әуе көлігіндегі құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда әуе көлігіндегі құқық қорғау органдары Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда 2008 жыл қорытындыланып, алдағы жұмыс мәселесі сөз болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыс барысында айтылғандай, өткен жылы Алматы халықаралық әуежайында 40-тан астам контрабанда әшкереленіп, 2,4 миллион түрлі шет елдік валюта мен 190 килә зергерлік бұйымдар, қымбат бағалы металл тәркіленген.Сондай-ақ 4 мың шекара бұзушы анықталып, 423 адам елден шығарылған, 731 адам әкімшілік жолмен жазаланып, 4 қылмыстық іс қозғалған. Бұнымен қатар әуе жолы арқылы есірткі тасымалдамақ болған Мамадалиев Н.есімді тәжікстандық азамат ұсталған.Ал кедендік заңдылықты бұзғаны үшін 218 әкімшілік іс қозғалып, 1,4 миллион теңге мемлекет пайдасына өндіріліп алынған. Отырыс барысында өткен жылы «Авиациялық-техникалық орталық» ЖШС, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ, «Қазавиа құтқару» РМК, «Қазорманқорғау» РМК компанияларында еңбек заңдылықтарының сақталуын тексеру қорытындалары да айтылды. Тексерістер барысында жалақыны уақытында бермеу, жылдық демалысқа шығу мерзімінің сақталмауы, еңбек қауіпсіздігін дұрыс сақтамау мәселелері анықталған. Тексерістер қорытындысы бойынша компаниялардың жұмысшыларға 230 миллион теңге берешегі болған. 4050 жұмысшының конститутциялық құқығы сақталмаған. Бұл бойынша іс қозғалған. Отырыс соңында «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы өткізіліп, кәсіпкерлерге құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сауалдарына жауап берілді.
Соңғы жаңалықтар