Алматыда ауқымды сейсможаттығу өткізілмек
ТЖД мамандары хабарлағандай, дабыл қағылған соң тұрғындар сабыр сақтай отырып, үйлерінен шығып, қауіпсіз жерге жиналуы керек.
«Баспанасыз қалғандарға» 200-ден аса орын әзірленеді. Ал, зілзаладан «жапа шеккендерге» көмек көрсетілетін 339 пункті ашылады. Медициналық көмек ауруханалар мен емханалардың маңында орналасады.
Сейсможаттығу Розыбакиев пен Әл-Фараби көшелерінің қиылысындағы «Мега» сауда үйіне қарама-қарсы алаңда өтеді.
Халықты құлақтандыру үшін 244 С-40 электрдабыл жұмылдырылады. Қашықта орналасқан болса ІІД көліктері дыбыс зорайтқышпен хабарлайтын болады.
Сондай-ақ, ақпарат кабельді телеарналар арқылы, «Кселл», «Актив», «Теле-2» байланыс операторларының СМС- хабарламасы арқылы жеткізіледі.
Сейсможаттығу арқылы жедел әрекет ету ұйымдарының дайындығы қаншалықты дәрежеде екендігі тексеріледі.