20:57, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда үстіміздегі жылдың 5-ші қыркүйегінде Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жәрмеңкеге 50-ден астам тауар түрлері қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтары оларды базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатып ала алады», - делінген хабарламада. Айта кетелік, жәрмеңке әдеттегідей «Астана» алаңында ұйымдастырылады. Осыған байланысты Төле би көшесінің Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесі аралығында бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Жәрмеңке таңертеңгі сағат 09:00-де ашылады.