11:58, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматыда ауыл шаруашылық өнімдерінің маусымдық жәрмеңкесі басталды
АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы «Астана» алаңында бүгін Алматы, Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Алматы облысының ауыл шаруашылық мекемелері және «Жетісу» ӘҚҰ-нің қатысуымен кең көлемдегі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үлкен ассортименттегі ет және көкөніс өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен саудалануда. Мысалы, сиыр етінің киләсі - 650 теңге, жылқы еті - 800, қой - 700, шошқа еті - 750 теңге. Ал қазының киләсі - 1100 теңге, тауық еті - 360, балықтың киләсі - 300-350 теңгені құрауда. Сүт өнімдерінің киләсі - 100 теңге, бал - 1100, қант - 165 теңге, жұмыртқа - 160 теңгеге.
Жәрмеңке жұмысы барысында қала жұртшылығына арнайы қала әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен эстрада әншілерінің концерттік бағдарламасы ұйымдастырылған.