Алматыда автобус қағып кеткен жаяу жүргіншінің жағдайы өте ауыр - басқарма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус қағып кеткен екі жаяу жүргіншінің бірінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Науқас Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының реанимация, анестезиология және интенсивті терапия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, комада (1 дәрежелі), жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Барлық қажетті тексерулер мен емдеу толық көлемде жүргізілуде», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.


Соңғы жаңалықтар