Алматыда автобус жолағында 32 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл басынан бері автобустарға арналған арнайы жолақтарда 32 мың жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көбінесе Райымбек даңғылындағы автобус жолағынде жол ережесін бұзушылар көп болған. Мұнда жыл басынан бері 5 564 дерек, өткен тәулікте - 61 дерек тіркелген.

«Одан кейінгі кезекте Төле би даңғылы тұр. Мұнда жыл басынан бері - 8 140, тәулігіне 48 дерек тірклеген. Одан кейінгі кезекте Наурызбай батыр көшесі (6391, 26) Желтоқсан көшесі (5230, 23) Абай көшесі (4056, 65) тұр. Бұл жүргізушілердің тәртібімен әлі де жұмыс жасау керектігін көрсетеді», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Жергілікті полиция қызметінде сондай-ақ, жалған нөмірмен жүрудің 119 дерегі, терезелерді көлегейлеудің 103 дерегі, ұялы телефонмен сөйлесудің 561 дерегі, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 651 дерегі, тұрақ ережесін бұзудың 886 дерегі, жол белгілерін бұзудың 1 123 дерегі тіркелген.

 

 

Соңғы жаңалықтар