Алматыда автокөліктер өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "Сузуки витара" және "Мерседес бенц"автокөліктері өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қыркүйек күні сағат  12.49-да ТЖД "101" пультіне автокөліктердің өртенгені туралы хабар түсті. Өрт  Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла ықшамауданы, Қыдырбеков көшесіндегі  «Самай» жеке мектебінің жанында болған. Алғашқы өрт сөндіру техникасы оқиға орнына сағат 13.01 жетті. "Сузуки витара" мен "Мерседес бенц"автокөліктерінің өртенгені анықталды»,-деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова .

null Өрт сағат 13.05-те ауыздықталып, 13.09-де толықтай өшірілді.  Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған.  Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram