Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікті ауруханадан шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікке ілінген азамат ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, күдікті ауруханадан шығарылды. Сот оған «қамауға алу» шарасын бекітті. Қазір ол Полиция департаменті жанындағы уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамауға алынды.

Еске салайық, 19 наурызда жұмысынан шыққан 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда қыздың өлі күйде табылғаны белгілі болды. Кейін полиция Аяжан Еділованың өліміне қатысты түсінік берді.

Күдіктіні ұстау кезінде ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып денесін жарақаттаған. Бірақ оның бұл әрекеті іске аспады. Оқиға орнына дәрігерлер шақыртылып, ұсталған адам №7-ші ауруханаға жеткізілді. Күдікті - 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.


Соңғы жаңалықтар