Алматыда әйел адамды қағып кеткен көлік жүргізушісіне іздеу жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полицейлері 44 жастағы әйелді қағып өлтіріп кеткен көлік жүргізушісіне іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Қалалық ІІД ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 14 наурыз күні Әуезов ауданында түнгі сағат 23-00-дер шамасында болған. Аты-жөні анықталмаған жүргізуші әйел адамды қағып кеткен. Жапа шегуші оқиға орнында мерт болған.

ІІД Жергілікті полицияның іздеу жөлімінің басшысы Ерік Насырбековтың айтуынша, адамды қаққан көлік жүргізушісі аса қатты жылдамдықпен келе жатқан.

Ерік Насырбеков тәжірибе бойынша мұндай қайғылы жағдаймен аяқталып жататын апатта оқиға орнынан негізінен мас жүргізушілер немесе жаңадан көлік рөліне отырғандар із суытатынын айтты. 

«Әйел адамның өлімінің нақты себебін анықтау үшін өндірістегі іс аясында сот-медициналық сараптама жасалады.  Адам өліміне соқтырған жол-көлік апаты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деді Насырбеков.

Алматы полицелері аталған оқиға бойынша куәгерлер болса, 254-45-05, 254-47-80, 8701 888 48 82, 8707 837 78 13, 8777 280 15 55 немесе «102» телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар