15:38, 29 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматыда «Азиада балалар көзімен» атты шара өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Алматыда жексенбі, мамырдың 30-ы күні «Медеу» спорт кешенінде Халықаралық балаларды қорғау күні мен жазғы демалыстардың басталуына арналған «Азиада балалар көзімен» атты шара өтеді.
«Медеу» мұз айдыны бір күн талантты қонақтардың басын қосатын «Азиада» әлеміне айналады. Акция аясында «Алтын алма» отбасылық демалыс байқауы өтеді.
Бағдарламада - авторлық туындылар жәрмеңкесі, отбасыларға арналған шеберлік- сыныптары, ойын алаңдары, әткеншектер т.б. бар.
Ұйымдастырушылары -«Медеу» спорт кешені мен 2011 жылғы қысқы Азиада ойындарының Алматы дирекциясы.