Алматыда «Азия ойындарына - 1 жыл қалды!» ұранымен спорттық шаралар өтпек
Ы. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 30-шы қаңтар күні қала тұрғындары мен қонақтарына Медеу мұз айдынында көпшілік шарасы ұйымдастырылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының «2011 жылғы қысқы Азия ойындары дирекциясына» сілтеме жасап.
Қазақстан өз тарихында алғаш рет қысқы Азия ойындарын өткізу мүмкіндігін алды. Енді бір жылдан кейін Азия мемлекеттері 7-ші қысқы Азия ойындарында бас қосады. Осыған орай спорт, туризм және дене шынықтыру, жастар саясаты ісі жөніндегі басқармалар бірнеше спорттық іс-шаралар Медеу мен Тұран университетінде өткізілмек. «Азия ойындарына - 1 жыл қалды!» ұранымен студенттердің университетішілік қысқы спартакиадасы, волейбол, футболдан жарыстар мен тағы басқа шаралар жүргізіледі.
Сондай-ақ, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаламыздың барлық аудандарында қысқы спорт түрлерін насихаттау іс-шаралары өтеді. Мысалы, Әуезов ауданында 4 мұз айдыны, Жетісу ауданында 1 мұз айдыны көпшілік үшін «Азияда тынысы» жұмыс жасайтын болады. Бұл айдындардың ерекшелігі, олардың барлығы Азияда-2011 стилистикасында безендірілген. Бұл мұз айдындары тек, қаңтардың 30-ы күні сағат 10-нан 18-ге дейін жұмыс істейтін болады.