Алматыда «Азия жолы» жүгіру күні өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 17-сінде Алматыда Азия Олимпиадалық Кеңесінің қолдауымен Азия құрылығында Гуаньжоу қаласында (Қытай) дәстүрлі түрде өтетін 2010 жылғы XVI жазғы Азия ойындарын өткізуге және Азиада-2011 ойындарына арналған «Азия жолы» - жүгіру күні өтеді,
деп хабарлады Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметінен.
2004 жылдан бастап, Азия Олимпиадалық Кеңесі әр 4 жыл сайын өткізілетін Азияның көптеген спорт ойындарын өткізуші жетекші орган болып табылады. Бұл - жазғы және қысқы Азия ойындары, жабық бөлмелерде өтетін Азия ойындары, жекпе - жек өнерінен, жасөспірімдер және жағажай ойындары, ислам ойындары және басқалар. Осы ойындардың көпшілігі Азия елдерінде жүгіру күнін өткізу арқылы Азия жастары үшін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында маркетингтік бағдарламаға негізделген.
Соңғы үш жылда Азия құрлығының 36 елінде жүгіру күндері өткізілді. Биылғы жылы олар Біріккен Араб Әмірлігінде (наурыз айында ) және Мьянмада (маусым айында) өткізілді. Ал қыркүйектің 7-сінде Алматыда өтетін жүгіру күні осы бұқаралық іс-шаралар кезеңіндегі есеп бойынша 40-ыншы болады және ол Гуаньжоу -2010 және «Азия жолы» маркетингтік компанияларын әрі қарай жалғастырады.
- Жүгіру, Қазақстанды қоса алғанда, әрбір Азия елінде балалар арасында денсаулықты және спортты насихаттау болып табылады. Спорт біздің бәрімізге ұлттардың, діндердің және мәдениеттің бірігуі идеясына қол жеткізуге және оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Азия ойындарының жүгіру күні осы мақсаттарды біріктіреді және Азия Олимпиадалық Кеңесінің құрлықтың барлық жерінде түсіністік пен достықты дамытуға ұмтылысын күшейтеді, - дейді Азия Олимпиадалық Кеңесінің президенті Шейх Ахмед аль Фахад Әл Сабах.
Жүгіру күні «Азия жолы» Азияның 45 елінен қатысушылар жиналатын және онда 42 спорттың түрінен медаль жинақталымы сарапқа салынатын Гуаньжоудағы XVI жазғы Азия ойындары туралы толығырақ білуге де қосымша мүмкіндік береді. Осы ойындарды ұйымдастыру комитетінен бұл жолы Алматыға ресми адамдар келеді, олар біздерді төрт жылдық Азия ойындарына дайындық барысымен таныстырады.
Жүгіруге 300-350-дей мектеп оқушылары қатысады деп күтілуде.