Алматыда Азияның «Анимания -2010» фестивалі басталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Азияның анимациялық «Анимания -2010» фестивалі басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Жапония елшілігі мен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен «Арт ту бизнес» қоғамдық қоры мен "Diamond Creative Studio" коммуникациялық агенттігі бірігіп ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі түрде биыл 3-ші рет өтіп жатқан бұл шара қаңтардың 10-ына дейін созылмақ. Ол Асино Йошихарудың "Алғашқы жасақ" мультфильмімен ашылатын болады. Фестивальге арнайы келген әйгілі жапон режиссері желтоқсанның 29-ы күні Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында шеберлік дәрісін өткізген еді. Келесі дәрісі енді қаңтардың 5-і күні "Қазақфильм" киностудиясында өтетін болады. Фестиваль кезінде оның отандасы Хайао Миядзакидің "Паньо балығы" деп аталатын жаңа шығармасының тұсаукесері жасалып, кинотеатрларда кішкентай қала тұрғындары мен қонақтарының назарына толық метражды 7 мультфильм ұсынылады. Бағдарламаға сондай-ақ, бұл көрсетілімдерден басқа косплей, манга стиліндегі комикстер мен фан-арт, караоке байқаулары еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар