Алматыда бала емізетін 10 мыңнан астам әйел вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 184 890 тұрғын ревакцинациядан өтті. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бала емізетін 10 мыңнан астам әйел вакцина алды

«6 ақпан күні 909 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 6 ақпан аралығында қалада 1 076 080 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 037 743 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 199 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 45 898 адам салдырды. Оның ішінде 2 377 жүкті әйел, 10 096 бала емізетін ана және 33 425 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 184 890 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.