Алматыда балалалар мен жасөспірімдер арасында Георгий Козельконы еске түсіру дәстүрлі футбол турнирі өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен 30 команда қатысты. 8 күнге созылған бұл байрақты бәсекеде олар жас ерекшелігіне қарай 4 топқа бөлінді. 1994, 1995 және 1994 жылғылар арасында сегіз-сегізден, ал 1996 жылғылар арасында - алты команда өзара сайысқа түскен болатын. Жоғарғы топта Новосібірдің «Сібірі» бірінші, Алматының «Цеснасы» екіншісі, Бішкектің «Дордойы» үшінші орын алды. Алғашқы екі команданың ізбасалары 1995 жылғылар арасында да өз орындарын сақтап қалды. Ал соңғы 2 топта алғашқы 2 орынды қазақстандықтар өзара бөлісті. Мәселен 1996 жылғылар тобында «ЦСКА» (Алматы) бірінші, «Цесна» (Алматы) екінші, «Сібір» (Новосібір) үшінші орын алды. Ал 1997 жылғылардың тобында «Цесна» (Алматы), «Каспий» (Ақтау), «ДЮСШ № 17 (Томск) жүлделі орынды өзара бөлісті.