Алматыда Балалар мен жасөспірімдер футболының лигасы құрылды

Оны Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілдә Байшақов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Алматы қаласының балалар мен жасөспірімдер лигасына 15 команда қатыспақ. Олардың оны Алматы қаласының ("Цесна", "Қайрат", "ЦСКА", "ОРБЖММ №2", "Еңбек", "Жеңіс", "ЖФМ", "Баязит", "Алматы юнайтед"), бесеуі Алматы облысының ("Алатау-Ұзынағаш", "Ақ-бұлақ", "Атлетико-Талғар", "Іле-Сәулет", "Ахыска") аяқдопшылары. Оның негізін салғандар Алматы қаласының футбол федерациясы мен "ALA IT NETWORK" ЖШС-і. Лига директоры Бауыржан Сәрсекеновтың айтуынша, 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспарында 11 жарыс бар. Олар - қысқы демалыс жарысы, Т. Сегізбаев жүлдесі мен Д. Қонаев, Б. Момышұлы, С. Квочкин, Хасенов, Козельколарды еске алу жарыстары және "Цесна", "Қайрат", АБЖФЛ кубоктары мен Алматы чемпионаты.
"Бұған дейін балалар мен жасөспірімдер арасында жас ерекшілігі бойынша 5 топта қала чемпионатты өтіп келген болатын. Оған 25 команда қатысатын еді. Биылдан бастап 6 топта 58 команда өнер көрсетпек. Бұл шамамен 1500-ге жуық бала болады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында 2010 жылы 4 жарыс болса, биыл оның саны 11-ге дейін ұлғайып отыр", - дейді Б. Сәрсекенов.