17:16, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда балалар үйінің түлегі өзін өртеп жіберді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Балалар үйінің түлегі, 28 жастағы жас жігіт өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ол жасөспірімдер үйінде тұрып жатқан. ІІД мәліметіне сүйенсек, оқиға өткен дүйсенбі күні таңда болған.
Қаза тапқан жігіттің жүйке жүйесінде психикалық ауытқушылықтары болған.
«Болған оқиға Әуезов ауданы ІІБ тергеу бөлімінің біріңғай тіркеу тізіміне тіркелді. Оқиғаның себептері анықталатын болады. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт психикалық жағдайына байланысты дәрігерлердің тіркеуінде болған», деді ІІД баспасөз қызметінен.