Алматыда балаларды дамытуға арналған мектептері бар алғашқы сауда орталығы ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балаларды дамытуға арналған мектептері бар алғашқы сауда орталығы ашылды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.
None
None

«Алматыда жаңа үлгідегі «Almaty Mall» сауда орталығы ашылды. Мұнда бутиктерден басқа, менталды арифметика, шығармашылық даму, батуттық гимнастика және паркур мектебі, би студиясы және ойын-сауық саябағы жұмыс істейтін болады», - делінген хабарламада.  

200-ден астам дүкен мен студиялар - аумағы 34 мың шаршы метрді алып жатқан төрт деңгейлік ғимаратта орналасқан. Нысанның ашылуы арқасында 850 жұмыс орны пайда болды. 

Сауда орталығының қабаттары функционалдық аймақтарға бөлінген. Астыңғы, яғни жертөле қабатында супермаркет, дәріхана, және тұрмыстық техника дүкендері, бірінші қабатта зергерлік бұйымдар, жиhaздар, сұлулық салондары және банктер, екінші қабатта ерлер мен әйелдер киімдері, аяқ киім, басқа да керек-жарақтар дүкендері мен мейрамхана, үшінші қабатта студиялар орналасқан. 

«Алматыда биылғы жылдың соңына дейін 100-ден астам сауда, қызмет көрсету саласы, жылжымайтын мүлік және әлеуметтік сала нысандары пайдалануға беріледі жоспарлануда. Жаңа қызмет көрсету нысандары кәсіпорындар арасында бәсекелестіктің артуына септігін тигізеді. Ал бұл, өз кезегінде көрсетілетін қызметтер сапасының жақсаруына ықпал етеді. «Универсиада-2017»  және «Экспо-2017» халықаралық шаралары қарсаңында бұл үлкен маңызға ие», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар