Алматыда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған фотокөрме ашылды

;АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Оқушылар сарайында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған "Балалар" атты фотокөрме ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұңғыш Президент қоры мен "Зеркало" жастар фотоклубының ұйымдастыруымен ашылған көрмеге кәсіпқой және жаңа бастаған жас фотосуретшілердің 120-дан аса жұмыстары қойылған.

"Баланың әлемі көп қырлы және сезімге толы. Ол балалардың алаңсыз күлкісі мен қуанышы, үлкендердей сөйлеп, шынайы қарапайымдылығын көрсетуі, ұшы-қиыры жоқ энергиясы мен тәтті ұйқысы. Біз адамзаттың ең қымбат байлығы, ғаламшарымыздың болашағы болып табылатын балалар әлемін бүгінгі көрмеде көрсетуге тырыстық. Бұл жұмыстар балалық шақты еске түсіріп, өз балаларына жаңа көзқараспен қарауға және болашақ туралы ойлауға ой салады деген үміттеміз", деді "Зеркало" фотоклубының фотосуретшісі Андрей Терещенков.

Фотокөрме маусымның 12-не дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар